Әскери кафедра жаңалықтары
ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
2024 жылдың 11 қарашасында «М.Әуезов атындағы ОҚУ» Ке АҚ-ның Әскери кафедрасында «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік» апталығы басталды.
Әскери кафедра және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған апталықтың мақсаты - сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, патриоттық тәрбиені дәріптеу, парасаттылық және корпоративтік этика құндылықтарын насихаттау.
11-15 қараша аралығында өтетін апталық аясында Әскери кафедраның профессор-оқытушыларының, оқу-көмекші құрамының және тыңдаушыларының қатысуымен аудиторияға бағдарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз