Әскери кафедра жаңалықтары
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ КӨК ТУЛАР КӨТЕРІЛДІ, ӘНҰРАН АЙТЫЛДЫ
25 қазанда Қазақстан Республика күнін атап өтеді. Бұл күн еліміздің тәуелсіз мемлекет құру жолындағы алғашқы тарихи қадамы болды. Мемлекеттік мерекеге орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университеті ғимаратының қасбетіне 5-10 метрлік мемлекеттік ту көтерілді.
Ту көкке желбірегенде, 200-ден астам студент бір мезгілде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын шырқады. Осы ретте университеттің барлық оқу залдары мен дәріс залдарында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері мен студенттерінің қатысуымен Әнұран шырқалды. Бұл университеттің барлық оқу корпустарының дәліздерінде естілді. Қазақтың туы асқақтай желбіреп, Тәуелсіздігіміз тұғырлы бола берсін!
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз