Іс - шаралар

Әскери кафедра студенттері Қарағанды қаласының "Спасск" оқу орталығында өткен " Айбын ІІ " Республикалық әскери-патриоттық жарысына қатысты. Байқауда біздің команда жалпы есеп бойынша жақсы көрсеткіш көрсетіп,"Менің роботым" байқауында үшінші орын және "Айбын жұлдызы" киножүлдесінде екінші орын алды

Кафедра студенттері оқу-далалық жиын барысында "Ақтас"оқу орталығында атыс дайындығы бойынша нормативтерді орындап, өз шеберліктерін іс жүзінде көрсетті.

Әскери кафедра курсанттары өздерінің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде "Дарбаза"полигонында шыңдады.

 Курсанттарды далалық жиындарда жоғары нәтижелер көрсеткен үшін  әскери кафедра бастығы полковник Кенжебаев Жақып Амангелдіұлыболашақ офицерлерді марапаттап  құттықтады.

Шымкент қаласының орталық саябағында облыс әкімдігі Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырған іс-шарада әскери кафедра бастығы полковник Кенжебаев Жақып Амангелдіұлына "Облысқа сіңірген еңбегі үшін"медальі табысталды.

М.Әуезов атындағыОҚУ әскери кафедрасында жыл сайын Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуына арналған тақырыптық кештер өтеді

 Әскери кафедра бастығы полковник Ж.Кенжебаев интернационалист жауынгерлерді мерекемен құттықтап, ОҚУ ректорының алғыс хатын табыс етті.ОҚУ М.Әуезов атындағы әскери кафедрасында Ауған соғысының ардагері запастағы подполковник К.Т. Раимбердиев оқытушысы болып жұмыс істейді.

М.Әуезов атындағы ОҚУ әскери кафедрасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына  орай  " Ерлікке тағзым " атты тақырыптық  кеш өтті. Тақырыптық кештің мақсаты студенттердің патриоттық сезімдерін, Отанға деген адалдығы мен сүйіспеншілігін одан әрі дамыту және Отан қорғаушы ретінде жоғары азаматтық борышын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери борыш сезімін тәрбиелеу болды.Іс-шара әскери кафедра  бастығы  полковник Кенжебаев Жақып Амангелдіұлының баяндамасымен ашылды.Қонақтар арасында Ауған соғысы ардагерлері ассоциациясының мүшелері: "Қызыл Жұлдыз" орденінің иегері, отставкадағы полковник А. Т. Ибрагимов, Ауған соғысы ардагерлері ассоциациясының төрағасы С. Е. Рысбеков, ассоциация мүшелері Ю. Ю. Березовский, К. С. Оспанов, Ауған соғысы ардагерлері, әскери кафедраның оқытушысы подполковник К. Т. Раимбердиев болды. Іс-шараға әскери кафедраның офицерлері мен қызметкерлері қатысты, студенттер мен ардагерлерге сыйлықтар берілді.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасында 1986 жылы 26 сәуірдегі Чернобыль АЭС апаты орын алған күнге орай «Ерлік кездейсоқ болмайды» атты тақырыпта тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара Чернобыль апатына қатысқан ардагерлердің қатысуымен өтті. Әскери кафедра бастығы полковник Ж.Кенжебаев ардагерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

25 сәуір 2019 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ әскери кафедрасында «Ашық есік күні» болып өтті. 

Шымкент қаласы мектептерінен 1200-ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Оларға ЖОО туралы ақпараттар жеткізіліп, буклеттер таратылды. Оңтүстік Қазақстан университеті әскери кафедра базасында құрылған «Жас түлек» әскери- патриоттық клуб мүшелерінің  ұйымдастыруымен, университетіміздің талантты жастары, «Жас түлек» әскери патриоттық клуб мүшелері қоян қолтық күрес өнерлерін көрсетті. Іс- шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери оркестрі, 35748 әскери бөлім әскери қызметкерлері, М.Сапарбаев атындығы гуманитарлық институтының бастапқы әскери дайындық мамандығының студенттері, Шымкент республикалық «Жасұлан» мектебінің ұландары, коғамдық кәсіптер факультеті және әскери кафедраның «Жастүлек» әскери патриоттық клуб мүшелері қатысты.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.