«Конструкциялық және биохимиялық материалдар» инженерлік бейіндегі сынақ аймақтық зертханасы

Image
"Конструкциялық және биохимиялық материалдар" инженерлік бейіндегі сынақ аймақтық зертханасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қамқорлығымен және жеке бастамасымен инженерлік бейіндегі және ұжымдық пайдаланудағы 20 зертхананың бірі ретінде құрылды.
"Конструкциялық және биохимиялық материалдар" инженерлік бейіндегі сынақ аймақтық зертханасын құруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімі негіз болып табылады (2007 жылғы 29 қаңтардағы № 24-5/007-526 хаттама).
Қызмет бағыты:
   - жаңа материалдар жасау саласындағы зерттеулерді орындайтын зерттеу топтарына қызмет көрсету;
   - ауданның өндіруші кәсіпорындарының өнімдерін халықаралық өлшемдер мен стандарттарға сәйкестігіне талдау және сертификаттау;
   - металлургиялық, химиялық, биологиялық, биохимиялық, мұнайхимиялық технологиялар мен нанотехнологиялар негізінде жаңа материалдар жасау саласында көбінесе зертхана базасында ғылыми зерттеулер мен ізденістерді жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасайтын басқару әдістері мен құралдарын қалыптастыру.
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:
Image
Зертхана меңгерушісі:
Хусанов Жахангир Евадуллаұлы
Техника ғылымдарының кандидаты
Аға ғылыми қызметкер:
Сейтмагзимов А.А. – техника ғылымдарының кандидаты
Тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинау мен зерделеуді ұйымдастырады, ғылыми деректерді, эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелерін талдау мен теориялық қорытуды жүргізеді.
Image
Бас маман:
Калдыбекова Г.М. – биотехнология ғылымының магистрі
Орындалатын физикалық-химиялық талдаулардың сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады
Image
Бас маман:
Хегай Р.Д.
Сынау нәтижелерін есептеу,  хаттамалар мен актілерде өлшеу және жазудың дұрыстығын бақылайды
Image
ЖБ маман:
Куликов Е.Г. - стандартизация және метрология магистрі
Қатты сынамалардың кұрылымын зерттеу және олардың элементтік құрамын анықтау
Image
ЖБ маман:
Амирханова А. Т. – жаралытыстану ғылымдарының магистрі
Нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес өлшеу мен сынақтарды уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету.
Image
ЖБ маман:
Ауелбекова Ж. Е. – бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавры
Жаңа түскен сынамаларды тіркеу және химиялық зерттеулерді жүргізу.
Image
Байланыс:
Адрес: 160012. ОҚО, Шымкент қ.,
Тауке хан даңғылы  5, корпус Б, каб. 101
Телефон: 8-7252-30-08-36
Е- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.