Темпус TuCAHEA жобасы

TuCAHEA жобасының идеясы

Еуропада Тюнинг білім беру құрылымы  2000 жылы жоба ретінде  жоғары білім беруді реформалау  бойынша Лиссабон стратегиясы мен  Болон  процесінің саяси міндеттерін біріктіруші  негізінде басталды. Уақыт  өте келе Тюнинг  жобалауға, ендіруге, бағдарламалардың екініші және  үшінші  сатыларын  жүзеге асырудың сапасын жоғарылату мен бағалау процесіне айналды. Тюнингтің нәтижелері  және оның  тетіктері  бірнеше басылымдарда  беріліп,   ұжымдар мен академиктерге  зерттеп және өздерінің жағдайларында қолдануға мүмкіндік беріледі.  Тюнинг  жоғары оқу орындары үшін жасалынған және қолданылады.

Тюнинг атауы  еуропалық университеттері  өздерінің  жоғары білім беру бағдарламаларында  бірқалыптылықтан арылып,  жалпы жақындық пен өзаратүсіністік нүктелерін  іздеу қажет деген идеяны жүзеге асыруға ұмтылады.

Еуропалық білім берудің  көпжақтылығын  қорғау Тюнигтің бірінші  мақсаты болып табылады,  бірақ  академиялық және салалық мамандықтардың тәуелсіздігін және жергілікті және ұлттық билікті    шектеуге  бағытталмайды.
Тюнинг  білім беру процесін  құрылымдығына   емес, оның пәндік  саласына, яғни оқытудың мазмұнына бағытталған. Білім беру жүйесінің  үкіметтің бірінші  міндетіне  айналуымен қатар , білім беру құрылымы мен оның мазмұнына жауапкершілік  жоғары оқу орындары мен оқытушылық құрамына жүктеледі.
Болон процесі  Еуропадағы  барлық елдерінде Еуропадағы   әртүрлі ұлттық  жүйелерді  біртүтас жүйеге біріктіру туралы   саяси шешім арқылы  білім беру жүйесін  реформалауға апарады.   Бұл реформа  жоғары білім беру ұжымдары арасында  талқылаудың алғашқы сатысы ретінде   оқу үрдісінің  оның құрылымы, оқыту түрлерін, бағдарламаларды үлестіру, яғни   Тюнигтің шұғылданатын   сұрақтар  аясына  алып келді.

Жобаның басты мақсаты –  Еуропалық жоғары білім беру кеңістігіне сәйкес, аймақтың , жалпы  серіктес-елдердің  арнайы сұраныстары мен потенциалын ескере отырып, сонымен қатар  жоғары білім беру мен қоғамның сұраныстарына  жауап беретін   Орталық  Азия жоғары білім беру кеңістігін дамытуға өз үлесін қосу.

Жоба  жоғары оқу орындарының оқытушыларының дамытқан методологиясының негізінде , яғни  министрліктердің  қызметкерлері, әкімшілік  қызметкерлері мен студенттері,  бітірушілермен бірлесе отырып,  Орталық Азияның  Тюнинг процесіне  қосылу   болып жүзеге асырыла бастады. TuCAHEA мақсаттары:  оқу бағдарламаларын жасау сапасын жақсарту инструменттері мен  негізігі-құзіреттілік инструменттерін қолдануды ұлғайту,   жоғары білім берудің аймақтық жүйелерін  жетілдіру, жеке бір ел мен жалпы аймақта  сапаны жақсартудың  инструменттерін мен  біліммен алмасудың  платформасын   жасау,  аймақтар аясында  заңшығарушылық  органдардығ қолдауымен  жоғары білім берудің еуропалық кеңістігіне сәйкестікті  орнату,   пәндік бағыттар  бойынша  пилоттық режимде  Тюнинг топтарын  құру, яғни олар  негізгі секторлар үшін қолданушы  нұсқаулықтарын жасау; минстрліктер қызметкерлері, жоғары оқу орындары оқытушылары,  негізгі-құзіреттілік инструменттерді   қолдану бойынша  тәуелсіз  эксперттер   үшін тренингтер  өткізу; аймақтан тыс   студенттермен  өзара алмасу және ұтқырлықты  ұйымдастыру  үшін қажетті инструменттерді жетілдіру, сапаны жақсарту және  мойындаудың ашықтығы. Жобаның тағы бір маңызды мақсаттарының бірі  Тюнинг жобасы бойынша білімді  жүзеге асыратын ақпараттық орталықтарды тек қана астанада емес, сонымен қатар әрір серіктес-елдің шалғай  мекендерінде де құру.

Жобаның жұмыс барысында қол жеткізілетін  негізгі нәтижелер  бұл :  Тюнинг процесі туралы білімді ұлғайту,  Тюнингтің   кең халықаралық  контексіне   орталықазиялық жоғары білім беру кеңістігін енгізу,  болашақ өзара ынтымақтастық  базасын  құру үшін  сапаны жақсарту мен мойындаудың ашықтығын  қамтамасыз ететін  инструменттер білімін тереңдету, жалпы, әрі жеке пәндік құзіреттіліктер туралы кеңестердің кең спектрін жүзеге асыру, ENIC-NARIC Network  біліктілік аясын , Тюнинг жобасының аясында  салалық  негіздемені ескере отырып,    Тюнинг пәндік бағыттар бойынша ендірудерді дайындау және жария ету;  құзіреттілік  негізінде  бағдарламалардың  дескрипторларын жасау. Нәтижесінде  жоғары көрсетілген  пункттерді дамыта отырып,  орталықазяилық жоғары білім беру кеңістігінің базасын, Орталықазиялық біліктілік аясын жасау және кредиттер  жүйесін қолдану.

Консорциум
Жобаның университеттер- үйлестірушілері:
Еуропа:  Гронинген университеті, Нидерланды, Проф. Роберт Вагенар
Еуропа: Пиза қ. университеті, Италия, Проф Кэтрин Айзекс
Жоба менеджері: Ингрид Ван дер Мейер, Гронинген университеті
Жобаның  университеттер-қатысушылары: 47 серіктестер, Орталық Азияның 34 университеттері, 5 министрліктер, Еуропаның 8 университеттері
Қазақстан – 6 серіктестер – КазГАСА,  Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, МУИТ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ,Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, ҚР Білім және ғылым Министрлігі.
Орындаушылар:
Елдік үйлестіруші, МУИТ үйлестірушісі – Закирова Г.Д.
Т.рысқұлов атындағы ҚазЭУ – Сапаргалиева Б.О.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ үйлестірушісі – Ефимова И.Е.
КазГАСА үйлестірушісі -   Абилова Б.А.
Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ үйлестірушісі – Карстина С.Г.
Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің үйлестірушісі – Кеншинбай Т.И.
ҚР Білім және ғылым Министрлігі – Нарбекова Б.М.

Жобаның дамуы
TuCAHEA ұйымдастырушылық мәжілісі  Брюссель, 20 - 22 қараша,  2012 жыл
TuCAHEA Орталық тобын,  жобаның басқарушы және үйлестіруші тобын (проф. Роберт Вагенаар, проф. Анн Катрин Изаакс) басқарады.  Бірінші мәжілісте  2012-2013 жылына  жұмыс жоспарлары бекітіліп,  жобаның негізгі құжаттары талқыланды, елдік және консорциумның пленарлық жиналысын өткізу  уақыттары анықталынды.

Бірінші  мәжілістің  қорытындысы бойынша  жоба қатысушылары   әрбір университет- серіктестерінде  ұйымдастырушылық  іс-шаралары  өткізілді: жұмыс топтары құрылды, негізгі құжаттар талқыланды (Тюнинг методологиясы, Project handbook, project Directory, Тюнинг бойынша  өзге де жобалардың құжаттары).
Ақпан, 2013 жыл
КазГАСА-да   барлық елдердің үйлестірушілерінің, барлық кафедралардың  және КазГАСА жұмыс тобының  қатысуымен   бірінші Елдік жиналысы өткізілді.
Жиналыс  нәтижесі - Пленарлық жиналыста  қазақстандық серіктестермен талқыланған және бекітілген   Жалпы құзіреттіліктердің тізімі жасалынды  (Generic Competences).
Мамадықтардың  (Subject Specific Area) тізімі   анықталынды :
Бизнес/ Business: KazEU, SKSU
Экономика /Economics: KazEU, IITU
Инженерия/ Engineering: KazGASA, SKSU
Тірішілік және тамақ қауіпсіздігі/ Environmental Protection and Food Safety :SKSU, KazGASA
Тарих / Humanities (History): KSU, KKSU
Тіл/ Language: IITU, KazEU
Құқық/ Law: KSU, KKSU
Жаратылыстану ғылымдары/ Natural Sciences: KKSU, KSU
Білім беру/ Teacher Training and Education: KKSU, KSU, SKSU


 

Сәуір,  2013 жыл
Консорциумнің  Бірінші пленарлық жиналысы(Алматы,  МУИТ негізінде)
Пленарлық жиналыста :

-Орталық Азияға қатысты Жалпы құзіреттіліктің  тізімі талқыланды және бекітілді;
-8 пәндік сала бойынша ((экономика, құқық,  бизнес, білім беру,  қоршаған ортаны қорғау, тілдерді оқыту,тарих, инженерия) Арнайы құзіреттіліктерді талқылау бойынша жұмыс жүргізілді. Жоғары оқу орнының білім беру бағыттары бойынша  құзіреттілікті жасау бойынша жұмыс топтарының мәжілістері  өткізілді.

Мамыр – маусым,  2013 жыл
Бакалавриат, магистратура білім алушыларымен , жоғары оқу орындары оқытушылары мен жұмыс берушілермен  ұсынылған өзекті  жалпы және пәндік құзіреттіліктер  бойынша  кеңестер өткізілді.Кеңестер құзіреттіліктер тізімін он-лайн анкеталарын толтыру арқылы жүзеге асырылды. Кеңестер  барлық жоғары оқу орындары-серіктестерінде  өткізілді.Жалпы қатысушылар саны- 22 000 адам , Қазақстан бойынша – шамамен 2400 адам.                                          
Қыркүйек,  2013 жыл
Еуропа университеттеріне  бірінші тренингтік  кездесу ( Гент университеті,  Пиза қ. университеті)
Тренинг- кездесу бағдарламасында еуропалық комиссияның  өкілдерімен кездесу (Ms Alba Chiara Tiberi, Tempus Project Advisor,  Peter van der Hijden, European Commission DG Research and Innovation), Гент университеті (Бельгия),Пиза  университетінде Тюнинг методологиясын  ендіру рәсімімен танысу. Тренинг қатысушыларымен  кеңестерді өткізу  талдамасы   жасалынды, елдік мәжілістер үшін  негізгі  сұрақтары, Екінші пленарлық жиналыс үшін   мақсаттар  анықталынды.

Қазан, 2013 жыл
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  университеті  негізінде Екінші  елдік жиналыс өткізілді:
1) Графикалық талдау негізінде жалпы және пәндік  құзіреттіліктер бойынша  өткізілген кеңестердің нәжижелері  талқыланды.
2)“Guidelines and Reference Points” (“conceptual frameworks”) TuCAHEA  Subject Areas Subject Areas: Template and explanations for discussion»  жасау үшін ұсыныстар  жасалынды.
3) Бишкек қ. Екінші  пленарлық жиналыс қатысушылары анықталынды.

    Темпус Ұлттық офисімен  мониторинг  жоспарына сәйкес   жобаның  мониторингсңі өткізілді. Мониторингке  университеттер- серіктестер  үйлестірушілері, М.Әуезов атындағы  ОҚМУ оқытушылар мен студенттер ұжымының  өкілдері қатысты.  Жоба мақсаттарын  жүзеге асыруда университеттерде жүргізіліп жатқан  жұмыстар талданылды.

                                                       

Наурыз,   2014жыл
2014 жыл  наурыз  айының 13-14  жұлдызында Е.А.Бөкетов атындағы   «Орталық  Азия   жоғары білім беру кеңістігіне бағытталу: Тюнинг  құрылым және  сапа мәдениетінің қалыптасуы » жобасының үшінші елдік жиналысы өтті.   Үшінші  елдік жиналысқа   жоба үйлестірушілері -  Ақпараттық технологиялар Халықаралық университеті,  Т.Рысқұлов  атындағы  Қазақ экономикалық  университеті, Қазақ Бас  Сәулет-Құрылыс Академиясы, Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университеті, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда    мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік  университетінің үйлестірушілері қатысты. Сонымен қатар үшінші   елдік жиналысқа   Упсала университетінен  (Швеция)  эксперт Георг Новак  қатысты.
Екінші елдік жиналыс кезінде  экономика, бизнес, филология, инженерия, білім беру,жаратылыстану ғылымдары,азықтық қауіпсіздік   және қоршаған ортаны қорғау бағыттары бойынша  матрицалар айқындалды. Жүргізілген жұмыс қорытындыланып,  болашақта   жоба аясында жүзеге   асырылатын  жұмыс жоспары жасалынды.

Жобаның ресми сайты
http://www.tucahea.org/index.html

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.