«Заманауи талаптар жағдайында ғылым мен білімнің өзекті мәселелері

2022 жылдың 29 сәуір күні Қырғызстан Республикасы Талас мемлекеттік университетінің ұйымдастырумен өткен «Заманауи талаптар жағдайында ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына М.Әуезов ОҚУ ғалымдары онлайн форматта қатысты. Конференцияның Пленарлық мәжілісінде М.Әуезов университетінің бірінші проректоры, з.ғ.к, доцент Қ.Нұрманбетов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар конференцияда оқу орнымыздан «Тарих ғылымдар» секциясында «Тарих және этнология» ғылыми орталығының басшысы, магистр Ш.Торгаутова «Тарих және этнология ғылыми орталығының даму басымдықтары» туралы баяндама жасап, алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі ғалымдармен бірлесе атқаратын бағыттың бірі жас ғалымдарды «Тарих және этнология» ғылыми орталықтарына ғылыми тағылымдама өтуге шақырды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.