ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭТНОСАЯСИ БІРЛЕСТІГІНДЕГІ «QAZAQTANÝ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ

2022 жылы 28 маусымда Нұр-Сұлтан қ., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ««Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығы» РҚБ ұйымдастыруымен ҚХА Төрағасының орынбасары - Марат Әзілхановтың, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дархан Мыңбай қатысуымен ЖОО ҚХА кафедралардың, ғылыми орталықтардың, «Қоғамдық келісім» РММ жəне өңірлік ҚХА этномəдени жəне жастар қауымдастығының басшылардың республикалық денгийде кеңейтілген отырыс өткізілді. М.Әуезов атындағы ОҚУ-нен «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ, «Тарих және этнология» басшысы, «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналдың жауапты редакторы, Шымкент қ., ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми эксперттік тобының мүшесі Шолпан Торгаутова «Тарих және этнология» ғылыми орталығының дамуындағы басымдықтары: қазақстандық қоғамының этносаяси бірлестігіндегі «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журнал» баяндамасымен қатысты. Сонымен қатар, университет тарапынан «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының басшысы Гүлнар Жанысбекова және «Саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Саипжамал Корганова қатысты. Жиын барысында этносаяси және этномәдени бірлестіктердің болашағы мен Қазақстан қоғамын біріктіретін жобалар талқыланды. 2021-2022 жылдың қорытындысы бойынша Әуезов университетінің орталықтары белсенді жұмысын атқарғаны үшін Ақпараттық және қоғамдық даму Министрлігінен құрмет грамоталарға ие болып, «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналында жаңа «Этносаяси және этномәдени процестер» рубрикасы ашылуына бағыт нақтыланды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.