«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ»

2022 ж., 14 маусымда «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ «Тарих және этнология» ҒО ұйымдастырумен ІІ-ші рет Шымкент қ., және Түркістан облысының ЖОО жас ғалымдар, мектеп және колледждің мұғалімдері, музей, архив, кітапхана қызметкерлеріне арналған 01-14 маусым күндері аралығында гуманитарлық бағытта 10 күндік «Жаңа Қазақстан: білім мен ғылымның жаңа белестері» атты 72-сағаттық ғылыми тағылымдама және біліктілікті арттыру курсы аяқталды. Курс жұмысының ІІ-ші маусымда университетіміздің «Қосымша білім беру» орталығы және «Ақпараттық білім беру орталығы» ықпал етіп, әдістемелік жұмысқа өз үлестерін қосты. Курс мақсаты ғылыми орталықтың бағыттарымен танысу, Қазақстан тарихы, әлемдегі Қазақстан әлемдік қоғамдастықта, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, тарих, археология, этнология, түркология, архив, музей, кітапхана ісі; саясаттану; мәдениеттану; халықаралық қатынастар; экономика; әлеуметтану; өлкетану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тіл білімі, педагогика және психология пәндері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерге қатысу, ғылыми білім беру қызметіндегі құзыреттілікті арттыру, кәсіби дағдыларды дамытуға ықпал ету, жаңа ғылыми бағыттарды игеруге ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, білім алушыларды ғылыми жұмысқа баулу, ғылыми жұмыстың өзекті бағыттарын анықтау, ғылыми жобаны құру, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды сапаландыру және білім алушылармен бірге ғылыми-зерттеу жобалардың технологиясын жетілдіру, білім алушарды ғылыми жобалар байқауларына қатыстыру және ғылыми-жарияланымдық қызметтін дамыту мен ақпараттық ресурстарға еңгізу болды. Сонымен қатар, жас мамандардың әрі қарай ғылыми бағытында университеттің магистратура және докторантураға бағыттау. Курс барысында университетіміздің білікті және тәжірибелі педагог-ғалымдары мен мамандары дәрістерін теория және дала зерттеулеріне қатысты. Қатысушыларға 72-сағаттық сертификат, сертификатқа оқытылған пәндер бойынша қосымшасы және курс кейс материалдары табысталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.