М.Әуезов Оңтүстік Қазақстан университеті Болон университетімен келісімге қол қойды

2021 жылғы 6 желтоқсанда М.Әуезов Оңтүстік Қазақстан университеті Болон университетімен PhD докторанттарын бірлесіп дайындау туралы келісімге қол қойды.

Болон университеті Италияның солтүстігінде орналасқан, 1088 жылы негізі қаланған Еуропаның ең көне жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, яғни аталған университет бүкіл әлем бойынша іске асырылатын Болон процесі мен үш деңгейлі білім берудің қайнар көзі болып табылады:яғни, бакалавриат-магистратура-PhD докторантура. Шарттарға сәйкес, Болон университетінің базасында бір жыл оқып зерттеу жүргізу үшін, PhD докторанттың шетелдік ғылыми кеңесшісі ретінде Болон университетінің ғалымы бекітілуі тиіс. Диссертацияны қорғау ережелеріне қойылатын барлық талаптарды, соның ішінде Q1 және Q2 ғылыми журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялауды және шетелдік ғылыми кеңесшінің оң пікірін ала отырып, біздің университеттің PhD докторанттары қазақстандық философия докторы дипломын ғана емес, сонымен қатар Болон университетінің PhD дәрежесін беру туралы Еуропалық үлгідегі дипломды да ала алады.
               Бұл біздің университет пен оның PhD докторанттары үшін жаңа деңгей, олар әлемге атақты ғалым бола алады және әлемнің 200 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіретін және QS рейтингінде 166-шы орынға ие Болон университетінде баға жетпес тәжірибе жинақтай алады.  https://www.topuniversities.com/universities/alma-mater-studiorum-university-bologna
               Болон университетінде оқытылатын  PhD бағдарламалар тізімімен толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.unibo.it/en/teaching/phd/2021-2022-pon-scholarships-call  немесе осыған ұқсас дайындалған PhD бағдарламасын М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасынан таба аласыз.
               Осы бағдарламаның алғашқы қатысушы ретінде,  Биотехнология кафедрасының PhD докторанты Шакирьянова Зульфия Маратовна  болып табылады.
               Барлық сұрақтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтына хабарласыңыздар.
Image
Image
Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.