Заман және қаламгер

     Шымкенттік қаламгерлер қала жұртшылығымен «Заман және қаламгер» атты кездесу өткізді. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, сондай-ақ өңіріміздегі қаламгерлер, студент жастар, әдебиетті қадір тұтар жұртшылық жиналды.

     Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Момбек  Әбдәкімұлының ұйыстыруымен өткен бұл іс-шараның маңызы зор.

      Кездесу соңында бірқатар ақын-жазушыларға «AMANAT» партиясы атынан алғыс хаттар табысталды. Солардың қатарында М. Әуезов атындағы ОҚЗУ, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының аға оқытушылары Асан Үсіпов пен Ғалым Қасымхан  «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, қаламгерлердің бір шоғыры қала әкімінің және қалалық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталды.

       Алқалы жиынның арасында көпшіліктің көңілін көтеретін халық әндері шырқалды. Осы кездесу кешіне барған М. Әуезов атындағы ОҚЗУ, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушылары қаламгерлердің жарыққа шыққан туындыларымен танысып, әсерлі әңгімелерінен тебіреніп қайтты.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.