Өзбекстанға кәсіби бағдар іс-сапары

М.  Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек пен дайындық орталығының аға оқытушысы Жұмағұлов Нұркен Өзбекстан Республикасына сапарлап барды.

Ташкент облысы, Бостандық ауданына қарасты ауылдық мектептердегі оқушылармен кездесті. Сонымен қатар,  Шыршық, Газалкент, Қыбырайдағы орта мектептерге де бас сұғып,  әсіресе, мектеп бітіруші түлектерге Қазақстандағы іргелі оқу орындары туралы түсіндіре келіп,  Шымкенттегі М.  Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тыныс-тіршілігі мен ондағы барлық мамандықтар жайында кеңінен таныстырды.

Кездесу барысында, көптеген оқушы бауырларымыз Қазақстанға келіп оқысам деген ойларының бар екенін және тіпті де қызғушылықтарының арта түскенін жасырмады


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.