Мерекелік марапаттар

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы 2023 жылды қорытындылай отырып, университетіміздің 80 жылдық мерекесіне орай дайындық орталығындағы білікті оқытушыларды марапаттады.

Университетіміздің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ысқақова Айгүл Төлеутайқызы арнайы келіп, дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек, аға оқытушылар Үсіпов Асан, Қасымхан Ғалым, Айтымбаев Асхат, Жұмағұлов Нұркен, жоғары дәрежелі білікті маман-әдіскер  Аралова Айгерімді "Мұхтар Әуезов" төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, Сейтметова Айжан, Сыздық Жанат, Байназарова Жұлдыз университетіміздің Бірінші проректоры Қ. Нұрманбетовтің Алғыс хатымен марапатталып, бұл марапаттарды дайындық орталығының басшысы табыс етіп,  әріптестерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.