Жұрт жүрегіндегі жазушы

        М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығы іргелі оқу ордамыздың 5-жатақханасында жазушы,  Қазақстанның Құрметті журналисті, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі —  Захардин Қыстаубаевпен кездесу кешін өткізді.

        "Жұрт жүрегіндегі жазушы"  атты бұл іс-шарамызға дайындық орталығының тыңдаушылары мен оқытушылары қатысты.

         Кеште жазушы Захардин Қыстаубаев өзінің шығармашылығы турасында кеңінен тоқталып,  жалпы әдебиет,  мәдениет төңірегінде әсерлі әңгімелер айтты. Дайындық орталығының былтырғы түлегі Парахат Тәжіғалиев ортаға күйден шашу  шашты.            

         Тыңдаушылардың қойған әртүрлі сұрақтарына тұщымды жауап айтқан жазушы ағамыз сөз соңында елімізге келіп білім алып жатқан тыңдаушыларға ақ тілегін білдіріп,  олардың келешек қадамына сәттілік тіледі.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.