Отаным – қасиетті ұлы ордам!

24 қазан күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы 25 қазан «Республика күніне» арналған «Отаным – қасиетті ұлы ордам!» атты іс-шара өткізді. Дайындық орталығының басшысы Рахымбек Камалдинов пен іс-шарамыздың құрметті қонағы саясаттанушы, М. Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков барша тыңдаушыларға бұл «Республика күні» мерекесінің мән-маңызы, тарихы жайында кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, дайындық орталығының басшысы осы мереке күнінің қарсаңында Субботина Марина, Сыздық Жанат сынды білікті оқытушыларды  марапаттады.

Іс-шарада Монғолиядан келген қандасымыз Алтынбек Жаңалық тәтті күйімен тебірентсе, Малибаева Балжан, Ибрагимова Аяужан бұралып биге басты. Сондай-ақ, Тұрсынова Ақмарал Әсем әнімен жұртшылықты тәнті етті. Іс-шараны ұйымдастырушы Жанбай Анарбек тыңдаушыларымызға тәрбиелік маңызы бар әсерлі әңгімелерін айтып, оларды жақсы оқуға, болашақ  мықты мамандық иелері болуға шақырды. Соңында орталық оқытушысы Қасымхан Ғалым ел тәуелсіздігі жайында әсерлі өлеңдер оқыды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.