Елін сүйген Елбасы!

«1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» құтты болсын! 30 қараша күні  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген Елбасы!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Әлеуметтік жұмыс және тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Мәжінбеков, Дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек бастаған ұжымдағы ұстаздар мен тыңдаушылар қатысты.

         Әуелі мемлекеттік Әнұранымыз асқақтата шырқалып, соңынан Елбасы Н.Ә.Назарбаев жайында түсірілген видеоролик көпшілік назарына ұсынылды. Дайындық орталығының өнерлі тыңдаушылары ортада күмбірлетіп күй шертіп, мың бұралып би биледі. Елбасымызға арналған өлеңдерді бірқатар тыңдаушылар әсем әуенмен мәнерлеп оқыды. Әсіресе, іс-шара қонағы С.Мәжінбековтың тыңдаушыларға Елбасымыздың ерен еңбегі жайлы, ел болашағы жайында айтқан әсерлі әңгімесі елімізге енді ғана келіп жатқан бауырластарымыздың жүректеріне жылылық ұялатқандай болды. Іс-шара соңында Дайындық орталығының тыңдаушылары Тұңғыш Президентіміз Елбасының, Қазақстан Республикасының жалпы жайынан терең мағлұмат алғандықтарын білдіріп, қуанышты көңіл-күйлерін тебірене жеткізді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.