Ақындар мектеп төрінде

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №94 жалпы орта білім беретін мектебі Тәуелсіздік мерекесіне жақындаған соңғы 30 күнді «Жұлдызды 30 күн» деп атап, бір ай бойына мектеп оқушыларына үлгі-өнеге боларлық іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Осы мектептің төрінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының аға оқытушысы, ақын, «Қазақстан жолы» газетінің жауапты хатшысы Асан Үсіпов және дайындық орталығының аға оқытушысы, төте араб әліпбиінің транскрипциялаушысы, ақын Қасымхан Ғалым, сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Алтын қалам» сыйлығының иегері, ақын Дәурен Айманбетов қонақта болды.

Мектеп директоры Арыков Қайрат Тулегенұлы басқарған білім ордасының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мыңбаева Жанар, қосымша білім беру педагогы және музыка пәні мұғалімі Исмайлова Гульжайсан Кенесарықызы сынды ұстаздар ыстық ықылас танытып, қарсы алды.

Ақындар кезек-кезек Тәуелсіздік жайлы, ауыл жайлы тағы басқада тақырптарда өлеңдерін оқыды. Жиналған жоғары сынып оқушылары кеш қонақтарына қызықты сұрақтар қойып, ортада ән айтып, өнерлерін де көрсетті. Дайындық орталығының тыңдаушылары Халмырзаева Балжан «Би» күйін шертіп,  Адилова Жансая «Күй-шашу» биімен оқушыларды тамсандырды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.