«Қарттарымызды қадірлейік, жас буын!»

Еліміздің ертеңін, болашағын терең ойлаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев былтырғы жолдауында «2019 жыл–жастар жылы» деп жариялады. Бұл игі бастамалар мемлекетіміздің өркендеуіне ерекше ықпалын тигізіп отыр.

Жастар – мемлекеттің арқа сүйер тірегі. Елдің жүгін көтеретін жастар білікті, ойы ұшқыр, ғылым–техникамен жабдықталған болуы керек. Осындай дарынды жастарды тәрбиелуші, ол – ата-аналар. Жастық дәуіріндегі бар күш-қайратын ұрпағына жұмсаған ата-аналарымыздың қартайған, қаусаған шағында оларға зейнет көрсетіп, қамқорлық жасау жастардың борышы. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген аталы тәртіппен ержеткен жастарымыздың қазыналы қарияларымызды қадірлеуі, құрметтеуі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан әдеп-ибамыз.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының оқытушылары мен студенттері және колледж студент жастары Шымкент қалалық «Қарттар үйіне» барып, «Қарттарымызды қадірлейік, жас буын!» атты қайырымдылық концертін өткізді.

         Өнерлі студенттердің қазақтың қара домбырасымен әуелетіп салған әндері қарттарымыздың жүректеріне жылу беріп, көңіл-күйлерін көтеріп, бір серпілтіп тастады. Әсіресе, дайындық орталығының тыңдаушылары Дамубек Камалбекұлы мен Исламхан Мұхамедханұлының қызықты айтысы қарттарымызды жадыратып, жүздеріне күлкі үйірді.

Ақылы асқар таудай аталарымыз бен ақжаулықты әжелеріміз концерт соңында жастарға бата беріп, еліміздің аман-есен өсіп-өркендеуін, жастарымыздың болашағының бақытты, білім өресінің биік болып, зор денсаулықпен алға қадам басуын тілек етті. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.