М. Мақатаев және табиғат лирикасы

2019 жылдың 8 ақпан күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу дейінгі дайындық орталығында шетелден келген тыңдаушылардың қатысуымен ақиық ақын, поэзия мұзбалағы – Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармашылық жолымен танысу мақсатында үлкен іс-шара өткізілді.

Іс-шараны 9-география тобының тәлімгері Г.Сейдахметова мен 1-физика тобының тәлімгері Ғ.Қасымхан ұйымдастырды. Іс-шарада ақынның қара өлеңдері мен өлең сөздеріне жазылған әндері шырқалды.

М.Мақатаев және поэзия тақырыбында тыңдаушылар арасында шағын айтыс өткізілді. Тыңдаушылар мен ұстаздар ақынның туған күніне арналған кештен көп әсер алып, рухани сусындап қайтты.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.