«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» әдеби- музыкалық кеш

Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, қарашаның 29-ы күні Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде әдеби-музыкалық кеш болып өтті.
25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келгенімізді, осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін әрқашан дәріптейміз.
Әдеби-музыкалық кеште тыңдаушылардың әсем әндері мен күйлері орындалып, Елбасына, Қазақстанға арнаған төл туындыларын тәуелсіздікке тарту етті. Әсіресе,  шығармашылық тобының тыңдаушысы Шынарбек Тұрсынұлы мен 1-курс студенті Ардақ Орынбектің Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты айтылған «ақындар айтысы», Арқалық Әмәлиятұлының «Ұлылыққа тағзым», Есімбек Нұрлыбектің «Ту шыққандағы сезім» атты төл туындылары тамам жұртты таңқалдырып, еліктіріп әкетті.
Кеш соңында, Тәрбие ісі және жастар саясатының бас маманы Орынбекова Гүлжан, Қазақ елінің тәуелсіздік тұғырының биік болуын айта келе, шетелден келген қандастарымызға өзінің жүрекжарды құттықтау сөзін арнады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.