ҰБТ бейіндік пәндері комбинациясы бойынша облыстық және қалалық пәндік олимпиада. 2-кезең

Image
Image
Image
2022 жылы 12 наурызда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында ҰБТ бейіндік пәндері комбинациясы бойынша (2 пән) мектеп бітіруші оқушыларына арналған облыстық және қалалық пәндік олимпиаданың 2 кезеңі санитарлық сақтық нормаларын сақтай отырып офлайн режимінде өткізілді.

Олимпиаданы өткізу үшін бас ғимаратында 4 қабатында орналасқан 200 орындық 9 аудитория санитарлық нормаларға сәйкес дайындалған.

Ғимаратқа кіргізу кезінде барлық санитарлық талаптар қатаң түрде сақталды. Атап айтқанда, тепловизор, дезинфекциялық тоннель және аяқ киімді залалсыздандыруға арналған кілемшелер, медпункт, санитайзерлер, медициналық бетперделермен қамтамасыз етілді.

Аудиторияға отырғызуда санитарлық талаптарға сәйкес ара-қашықтықты сақтау үшін талапкерлердің парталарға отырғызу схемасы шахматты тәртіппен орындалды.

Оқушылар олимпиада өткізілетін ғимарат ішіне кіргізу барысында тыйым салынған заттарды (ұялы байланыс телефондары, шпаргалка, т.б.) арнайы орынға (гардероб) тапсырды.

Қатысушыларға мәліметтер:
• 2-ші кезеңге жоғары балл жинаған оқушылар жіберілді.
• 2-ші кезең ауызша-жазбаша емтихан түрінде өтті.

Хабарласуға болады:
• Call орталық: 8/7252/400899
• WhatsApp: 87472757500
• E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
• Instagram: ukgu_kbbo
• Facebook: ukgu.kbbo

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.