Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру

2022 жыл сәуір айының 18 жұлдызынан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Салиқалы университет» жобасының аясында Қосымша білім беру орталығының «Көп пәтерлі тұрғын үйді басқару және күтіп-ұстау бойынша тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» курсы жұмысын бастады.
Курс тыңдаушылары, Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметкерлері 20.04-4.05.2022ж. мерзімі аралығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бірлесіп әзірлеген 54 сағаттық бағдарлама аясында:
 Көп пәтерлі тұрғын үйді басқару;
 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қатынастарын реттеуші Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құжаттары;
 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енген өзгерістер;
 Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін және үй маңындағы аумақты санитарлық күтіп-ұстауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау;
 Көп пәтерлі тұрғын үйдегі төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру;
 Сервистік қызмет субъектілерімен және коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдармен жұмыстарды ұйымдастыру және т.б. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселелер бойынша біліктілігін арттырады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.