Негізгі міндет оқытушының кәсіби құзыреттілігі

Құзыретті маман дайындау үшін қоғамға білікті ұстаздар қажет. Сондықтан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті профессор-оқытушы құрамының біліктілігін арттыру үдерісіне ерекше көңіл бөліп, бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізеді. 2022 жыл ақпан айының 14-і мен 25-і аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан унивесритетінде «Қосымша білім беру» орталығы мен «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Журналистиканың теориясы мен жанрлары, өзекті мәселелері: талдау, тәжірибе» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Курс бағдарламсы:
- Қазақ көсемсөзінің тарихы мен тәжірибесі.Талдамалы журналистика;
- Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары;
- Публицистикалық шығармашылық негіздері;
- Тележурналистика, радиожурналистика, фотожурналистка: теория, тәжірибе, түйін;
- Көркем публицистикалық жанрлар;
- Журналистиканың теориясы мен жанрлары сяқты маңызды модульдерді қамтиды.
Курстың лекторлары ретінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары білікті мамандары тартылған. Олардың қатарында ф.ғ.к., професссор, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы, саяси. ғ.д., профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы және т.б. бар.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.