Халықаралық ынтымақтастық аясында

2021 жылдың 22 желтоқсаны күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қосымша білім беру орталығы» және «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен шетелдік ғалым-оқытушы, Путра университетінің қауымдастырылған профессоры (Малайзия), PhD докторы Фатима Халид  «How to publish a good journal» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді.

Тренингте доктор Фатима Халид Scopus базасындағы Science Citation Index Expanded және Web of Science базасындағы CiteScore базаларында индексацияланатын зерттеудің ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарды іздеу және ғылыми мақалаларды жариялау, әртүрлі деректер базасымен жұмыс істеу, күмәнді журналдардан қалай аулақ болу, ғылыми мақала жазу алгоритмі және т.б. жайлы маңызды ақпартаттармен бөлісті. Тренинг жас мамандарға да, оқытушыларға да, ғылым саласында үлкен жұмыс өтілі бар ғалымдарға да өте пайдалы болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.