ДЕПАРТАМЕНТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
15.01.2020ж. күні Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің мәжілісінде департамент ұжымы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» стандартымен танысты. Мәжілісте Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Омашова Г.Ш. департамент қызметкерлеріне стандарттың мақсаты- сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және университеттің, оның қызметкерлері мен басқарушы құрамының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік ортаны қалыптастыру, стандартта белгіленген ережелерді қатаң сақтау мен сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алуға бағытталған университет қызметкерлері әрекеттері мен шешімдерін анықтайтындығы туралы және стандарт талаптарының сақталуына бақылауды университет басшылығы және Парасат басқармасы жүзеге асыратындығы туралы ақпарат берді.
Нәтижесінде Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» стандартымен танысып, талқылап, жұмыс барысында осы стандартты басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауды бірауыздан қабылдады, хаттама толтырылды.