«British council»

2016 жылы ақпан айынының 29 жұлдызы күні Ұлыбритания елшілігі жанындағы «British council» Халықаралық ұйымы, «Өрлеу БАҰО» АҚ және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің бірлесе ұйымдастыруымен  жоғары оқу орындарының,  жалпы орта мектептердің оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын оқытушыларға арналған  «Оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көзқарастар: пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)» тақырыбындағы конференция болып өтті.

   

Пленарное заседание конференции

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  мен  «Үштұғырлы тіл» саясаты аясында жүзеге асырылған конференцияда «British council» Халықаралық Ұйымының атынан Нейл Винстон, Марк Уайстелл,  Фил Белл,   ұйымның Қазақстан Республикасындағы ағылшын тілі бойынша жоба менеджері Ардак Бектұрова, «Өрлеу БАҰО» АҚ  филиалы - Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты «Ғылым және Халықаралық байланыстар» бөлімінің басшысы Жантемірова Дана қатысты.

   

Мастер-классы по обучению дисциплин на английском языке

Конференцияға  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика Академиясының, Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар Достығы университетінің Тілдер Академиясының оқытушы-профессорлық құрамы, «Бәйтерек» оқу орталығының (Шымкент қ.) мамандары, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, университеттің «Ағылшын тіл білімі», «Техникалық мамандықтар үшін шет тілдері», «Гуманитарлық мамандықтар үшін шет тілдері», “Агроөнеркәсіптік мамандықтар үшін шет тілдері» кафедраларының оқытушылары мен оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын  оқытушы-профессорлық құрамы қатысты.
Конференцияның күн тәртібі бойынша секциялық жұмыстар аясында қатысушылар үшін көптеген келелі мәселелер қорытындыланды. Сала мамандары өзара тәжірибе алмасып,ой-пікірлерін ортаға салды. Жұмыс барысында конференция  қонақтарына нақты әдістемелік көмектер көрсетіліп, заманауи оқыту технологиялары бойынша  оқу-әдістемелік құралдар таратылды. Сонымен қатар, «Макиллан» баспасы  ағылшын тіліндегі оқу құралдарын, сөздіктер, аудио-видео материалдар көрмесі арқылы келушілерге өз қызметін ұсынды.

  


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.