2022 жылдың 16 -наурызында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Image
Image
Image
2022 жылдың 16 -наурызында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Д.П.Қожамжарова бастаған оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері және сонымен қатар Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиева және Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептер мен колледждердің басшылары бірлесе отырып, тікелей эфирде тыңдады.
Президент Жолдауында қоғамды демократияландыруға байланысты бірқатар жаңа бастамалар ұсынылып, қазіргі Жолдаудың мәні мен маңызының ерекшелігіне басты назар аударылды. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайдағы елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына, Жаңа Қазақстанды құру аясында азаматтық қоғамды қалыптастыру жұмыстарын онан әрі жүзеге асыру қажеттілігіне тоқталды.
Осыған байланысты Парламенттің өкілеттілігін кеңейту, жаңа саяси партиялардың құрылуына мүмкіндіктер туындату, өңірлердің әлеуметтік- экономикалық дамуын жандандыру, меритократиялық басқару жүйесінің принциптерін ұстану мақсатында непотизмге жол бермеу сияқты қазіргі қоғамның сұранысына жауап беретін, елдің өркениетті жолмен дамуына серпін беретін тың бастамалар көтерілді.
Бұл, өз кезегінде, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісімен айналысатын педагогтар қауымына ауқымды міндеттерді жүктейді. Мұнда мектеп оқушылары мен студент-жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, ең басты құндылықтың ел бірлігі мен келісімінде екендігін саналарына орнықтыру өте маңызды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.