Қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында кездесу өтті.

Қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында кездесу өтті. 

Онлайн режимде өткен шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қатысты. 

Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарды баяндап, жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған шаралардан хабардар етті.

Ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков парасаттылық құндылықтарына көбірек көңіл бөлу, адал еңбек ету – әрбір азаматтың міндеті екендігін жеткізді.

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар Жобалық кеңсемен қолға алынған жобалардан хабардар етіп, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 

Шара соңында жиынға қатысушылар қоғамның әділ азаматы болуға шақырылып, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.