Ғылым Ордасының М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтының бас ғылыми қызметкері​ - Ақыш Нұрдаулет Бәбиханұлының М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне арнайы іс-сапары

Ғылым Ордасының М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтының бас ғылыми қызметкері​ - Ақыш Нұрдаулет Бәбиханұлының М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне арнайы іс-сапары

 

2021 жылы 8 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, Ғылым Комитетінің Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтының бас ғылыми қызметкері​ - Ақыш Нұрдаулет Бәбиханұлы арнайы іс-сапарымен келді.

Кездесу барысында 2021 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің ««Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі», Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығы және оның «МИРАС» рухани жаңғыру Академиясы қоғамдық негіздегі ұйымы​ ұйымдастырып отырған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай​ «ЖАМБЫЛДЫҢ АҚЫНДЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЖАМБЫЛТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық онлайн конференциясын ұйымдастыру жұмыстарына алдын ала дайындық жұмыстарын нақтылау, атап айтар болсақ, әрбір мекеме өкілдерінің конференцияға қатысу жүйесін, секциялар бойынша мақалаларды қабылдау, қатысушылардың белсенділігіне қарай жұмыстарды қорытындылау, зерттеулердің нәтижесін жасау, конференцияның материалдарының, еңбектерінің жинағын шығаруға арналған жұмыстары пысықталды.

Сонымен, қатар, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының​ жұмысымен кеңірек танысып, атап айтқанда: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының республика деңгейіне арнайы жобаларының іске асырылуы, 2019 жылы құрылған «МИРАС» рухани жаңғыру Академиясы жетістіктері мен жұмыс жоспарлары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ғылыми сүйемелдеу үшін ашылған «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының жұмыстарымен де танысқан Ақыш Н.Б. редакциялық алқаның мүшесі ретінде журнал дамуына ықпал ететін бірқатар мәселерді қарастырды.

Іс-сапар барысында «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Парасат» басқармасының ауқымды іс-шараларымен танысты.



 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.