М.Әуезов атындағы ЮҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы (2024-2025 оқу жылына)


2022-2023 оқу жылының  «М.Әуезов атындағы ОҚУ  студенттерінің жатақханадағы  тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнамасының нәтижесі бойынша аналитикалық есеп 




     Ағымдағы 2024  жылдың 10 – 17 қазан  аралығында  университетіміздің Әлеуметтік зерттеулер бөлімі «ОҚУ-нің студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнама өткізді.
        Зерттеудің мақсаты:
Студенттердің жатақханадағы әлеуметтік ахуал мен тұрмыс жағдайына көзқарасы, оны бағалауы, жатақханадағы жауапты қызметкерлермен қарым-қатынасы, жатақханадағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуін сараптау, өйткені бұл жоғары оқу орнындағы оқытудың сапасына тікелей әсер етеді.

       Зерттеудің міндеттері:

  • Жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануын бағалау;
  • Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы және жатақханадағы тәрбие жұмысының орындалуын сараптау;
  • Жатақханада кездесетін  ең негізгі мәселелерді анықтау;
  • Студенттердің өмір сүру деңгейін және олардың оқу қызметі үшін әлеуметтік көңіл-күй жағдайларын бағалау.

      Зерттеу жүргізу объектілері: ОҚУ-нің  №1,4,5 жатақханалары сондай-ақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің студенттері тұратын жеке меншік жатақханалар: "ИП Шарталь", "Санрайс"  және №3 жатақхана.

      Сауалнаманы өткізудің әдісі: жатақханаларда тұратын студенттерге электронды сауалнама жүргізу. Сауалнамалық сұрақ-жауап.

      Зерттеу объектісі бойынша жалпы сипаттама

      Зерттеу барысында ОҚУ-нің  №1, 4, 5  жатақханаларында тұратын барлығы 1925 студенттен 1208 студент сауалнамаға қатысты.  Сауалнамаға қатыстқан студенттердің  үлесі 62,7%  құрады.

 

     27.11.2024 жылғы декан сағатының отырысында қаралды, №6 хаттама 


Хабарлама

Сауалнама 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.