6B07270 Фармацевтік өндіріс технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07270- Фармацевтік өндіріс технологиясы

 

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В072-Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В072 - Фармацевтік өндіріс технологиясы

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Еңбек нарығына бағытталған фармацевтикалық өндіріс саласында сұранысқа ие бакалаврларды дайындау

 

Берілетін дәреженің аталуы

«техника және технология бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

• фармацевтикалық, биотехнологиялық өндірістер;

• техникалық бақылау бөлімдері;

• орталық-зауыттық зертханалар;

• дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау және стандарттау бойынша    зертханалар.

        

Оқыту нәтижелері

ОН1  Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуын көрсету;

ОН2 Академиялық жазу принциптерін, академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін сөйлесу;

ОН3 Жаратылыстану, математикалық, инженерлік білімдерін көрсету, ақпараттық және есептеу сауаттылығын, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау, мәліметтерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін меңгеру;

ОН4 Дәрілік заттардың, сондай-ақ дәрілік және қосалқы заттардың ассортиментін кеңейту мақсатында фармацевтикалық нарықта маркетингтік зерттеулер жүргізу;

ОН5 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және Тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік өндірісте дәрілік заттарды дайындаудың технологиялық процесін ұйымдастыру;

ОН6 Өндірістің ұтымды технологиялық сызбасын таңдай отырып, фармацевтикалық өндірісті жобалау және негізгі және қосалқы жабдықтарды есептеу арқылы процестерді аппаратуралық рәсімдеу;

ОН7 Нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес заманауи стандарттау және сертификаттау құрылғыларын пайдалана отырып, дәрілік заттарды, шикізатты және қосалқы заттарды талдау;

ОН8 Өндіріс процесінің үздіксіздігі үшін шығыс материалдарына (дәрілік заттардың субстанцияларына, қосалқы заттарға және материалға, орау материалына) қажеттілікті анықтау;

ОН9 Дәрілік заттардың құрылымы мен олардың физикалық-химиялық қасиеттері арасындағы байланыс заңдылықтарын ескере отырып, табиғи және синтетикалық дәрілік заттардың сапасын бақылау технологиялары мен әдістерін әзірлеу;

ОН10 Дәрілік заттардың фармацевтикалық өндірісі саласындағы заманауи ғылыми зерттеулерді пайдалана отырып, мақсаттарды тұжырымдау, зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу;

ОН11 Қалдықсыз және экологиялық таза технологияларды құру кезінде фармацевтикалық өндірістің технологиялық схемаларын құру принциптерін қолдану;

ОН12 Топтық жұмысты көрсету, өзін-өзі тәрбиелеуді дамыту және салауатты өмір салтын сақтау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.