7M07162 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М07162 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М07 Инженерлік, өңдеу  және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М097 Химиялық  инженерия және процестер

Оқыту тілі

Қазақ, орыс,  ағылшын

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 -

БББ мақсаты

Жоғары білім беру жүйесі және ғылым саласы үшін «Химиялық инженерия» бағыты бойынша қажетті ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау.

 

Берілетін дәреженің аталуы

«Техника ғылымдарының магистрі»

Кәсіби қызмет саласы

• бейорганикалық қосылыстарды өндіру бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар;

• жоғары оқу орындары;

• ғылыми-зерттеу және жобалау институттары

Оқыту нәтижелері

ОН1 Химиялық инженерия саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратты сыни тұрғыдан талдау, шет тілі мен ақпараттық ресурстарды қолдану және ғылыми этика принциптерін ескере отырып, ғылыми мақалаларда, есептерде және диссертацияларда зерттеу нәтижелерін қорытындылау.

ОН2 Ғылым философиясы мен ғылыми зерттеулер әдіснамасының ережелері негізінде дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау.

ОН3 Бұқаралық тәртіппен басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын, химиялық инженерия саласында оқытудың тиімді әдістерін меңгергендігін көрсете отырып, жоғары мектепте педагогикалық қызметті ғылыми ұйымдастыруды қолдану.

ОН4 Кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда жедел басқару шешімдерін қабылдау кезінде көшбасшылық қасиеттерді, шығармашылықты және сыни ойлауды көрсете отырып, команданы тиімді басқару.

ОН5 Бейорганикалық қосылыстарды алудың өндірістік процесін жедел-диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру, білімнің пәнаралық байланысты салаларындағы мәселелерді талдау үшін білім мен дағдыларды қолдану.

ОН6 Өндірістің технологиялық схемасын жаңғырту жолдарын, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерін талдау негізінде бейорганикалық заттар мен қосылыстар өндірісінің техногендік қалдықтарын кәдеге жаратудың жаңа тәсілдерін ұсыну.

ОН7 Ішкі және халықаралық ғылыми мамандармен және ауқымды аудиториямен әңгімелесу кезінде ғылыми зерттеулерді дербес жоспарлау және жүргізу, зерттеу нәтижелерін негіздеу және дәлелдеу.

ОН8 Өндірістің оңтайлы режимін негіздеу үшін математикалық модельдеу бағдарламаларын қолдана отырып, зерттелетін химиялық-технологиялық процестердің эксперимент нәтижелері мен материалдық және жылу есептеулерін талдау.

ОН9 Докторантурада оқуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін алған білімдері мен дағдыларын дамыту; өмір бойы біліктілігін арттыру.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.