7M07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М07170 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М071 – Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М097 – Химиялық инженерия және процестер

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда, технологиялық жобалауда заманауи тәсілдерді қолдануды меңгерген жоғары білікті кадрлерді даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

техника ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызмет саласы

органикалық заттар өндіретін, мұнай, газ, көмір және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын өңдейтін кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және жобалық салалық институттар, оқу орындары және т.б.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Шет тілін білу арқылы ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды және жинақтайды; ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ғылыми мақала, баяндама түрінде қорытады.

ОН2 Ғылым тарихы және философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелік ғылыми көзқарасқа негізделген кешенді және пәнаралық зерттеулерді жобалайды және жүзеге асырады.

ОН3 Заманауи инновациялық-ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалана отырып, ғылыми және педагогикалық жұмысты жоспарлайды және орындайды.

ОН4 Стандартты емес өндіріс жағдайларында шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлауды көрсете отырып, басқару психологиясының ұстанымдары мен әдістерін қолданып мамандар тобына жетекшілік етеді.

ОН5 Көмірсутек шикізатын өңдеудің, органикалық заттарды өндірудің технологиялық процестерін үйлестіру, тіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты сақтау мақсатында технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін және олардың экологиялық қауіпсіздігін бағалайды.

ОН6 Экологиялық сапа стандарттарына сәйкес келетін өнім шығаруды қамтамасыз ететін қолданыстағы қондырғыларды жаңғырту және реконструкциялау жөнінде ұсыныс әзірлейді.

ОН7 Өндіріске дербес ғылыми әзірлемелерді іске асыру; ғылымды қажетсінетін технологиялардың маркетингін жүргізеді.

ОН8 Қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалана отырып, көмірсутек шикізатын терең өңдеуге, табиғи газдан күкірт, синтетикалық талшықтарды өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар мен оның элементтерін құрастырады.

ОН9 Мұнай шикізатын терең өңдеу процестері катализаторларын, үстемелер, техникалық сұйықтықтарды іріктеу және қасиеттерін реттеу, полимерлі композициялардың рецептураларын құрастыру дағдыларын меңгереді.

ОН10 Білім алудың пәнаралық туыс салаларындағы міндеттерді шешу; алынған білімдер мен дағдыларды докторантурады оқуға мүмкіндік беретіндей деңгейге жеткізу, өмір бойы біліктілігін жоғарылатады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.