6B02210 Философия

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В02210-Философия

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В02-Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В022-Гуманитарлық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В032-Философия және этика

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240  кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Студенттерді философиялық білімнің іргелі негіздерімен, оның спецификасымен және құрылымымен таныстыру, алған білімдерін қолдана алатын, философиялық ойдың дамуының қазіргі жағдайын және оқыту тәжірибесін талдауға қабілетті, дүниеге көзқарастық және методологиялық сипаттағы міндеттерді айқындап, тиімді шешім қабылдау.

Берілетін дәреженің аталуы

гуманитарлық білім бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

-техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

- мемлекеттік басқару институттары;

-үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар;

-тәрбие және идеология жұмыстарын ұйымдастыру бөлімдері;

-HR компаниялар

Оқыту нәтижелері

ОН1 дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілік негізіндегі әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуын көрсете алуы;

ОН2 тұлға аралық, мәдениет аралық міндеттерді АКТ, академиялық жазба әдістерін қолдана отырып, академиялық адалдық қағидалары мен мәдениетін түсіну арқылы мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде шеше білуі;

ОН3 ойлау мәдениетінің негізгі қағидаларын, қазіргі заманғы әлемде орын алған үрдістер мен құбылыстарды зерттеуге қатысты әрекеттегі концепцияларды, теорияларды, ыңғайларды талдай білуі;

ОН4 әлемдік және қазақ мәдениетінің даму контекстінде философия, этика, эстетика, өнер тарихы және философияның теориялары туралы түсінуді, білімдерді көрсете білуі;

ОН5 философия саласында жоғары кәсіби деңгейде дербес әлеуметтік-философиялық зерттеулерді жүргізуі;

ОН6 философиядан түпнұсқалық деректерді логикалық-диалектикалық талдаудың фундаменталды ұғымдарын игеру арқылы шешендік  өнерін көрсете білуі;

ОН7 мемлекеттік діни, ұлттық саясатты ұйымдастырудың негізгі бағыттарымен әдістерін дербес талдай білуі;

ОН8 қоғамдық сананы модернизациялаудағы мемлекеттік бағдарламалардың негізгі ережелерін салыстырмалы талдауда философияның қазіргі заманғыконцепцияларын және әдістерін қолдана білуі;

ОН9 экономика философиясының когнитивті негіздерін талдай білуі, қазіргі заманғы әлемдегі адамның мәселелерін түсіну негізінде мәдениетаралық сұқбатты құра білуі;

ОН10 мемлекеттің ішкі саясаты саласындағы идеологиялық, тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруқағидаларын түсінуі, талдай білуі;

ОН11 қазақ ұлттық мәдениетімен санасезімінің архетиптерін дербес талдай білуі;

ОН12 адам ресурстары мен бизнес-этика қажеттіліктерін талдау негізінде шешімдерді қабылдай білуі.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.