М.Әуезов атындағы ЮҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы





«М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің жатақханадағы
Ағымдағы жылдың 05.10 - 13.10.2023 ж. аралығында университетіміздің «Әлеуметтік зерттеулер бөлімі» «ОҚУ-нің студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнама өткізді.
Зерттеудің мақсаты:
Студенттердің жатақханадағы әлеуметтік ахуал мен тұрмыс жағдайына көзқарасы, оны бағалауы, жатақханадағы жауапты қызметкерлермен қарым-қатынасы, жатақханадағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуін сараптау, өйткені бұл жоғары оқу орнындағы оқытудың сапасына тікелей әсер етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- Жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануын бағалау;
- Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы және жатақханадағы тәрбие жұмысының орындалуын сараптау;
- Жатақханада кездесетін ең негізгі мәселелерді анықтау;
- студенттердің өмір сүру деңгейін және олардың оқу қызметі үшін әлеуметтік көңіл-күй жағдайларын бағалау.
Зерттеу жүргізу объектілері: ОҚУ-нің №1,2,4,5 және жекеменшік Ғ.Иляев көшесі №10/3 және 12/1 орналасқан «Шарталь» ЖК-ның екі жатақханалары.
Сауалнаманы өткізудің әдісі: жатақханаларда тұратын студенттерге электронды сауалнама жүргізу. Сауалнамалық сұрақ-жауап.
Зерттеу объектісі бойынша жалпы сипаттама
Зерттеу барысында ОҚУ-нің №1, 2, 4, 5 жатақханаларында тұратын барлығы 1164 студенттен 718 студент сауалнамаға қатысты. Сауалнамаға қатыстқан студенттердің үлесі 61,7% құрады.
2023 жылғы 29 қарашадағы декан сағатының отырысында қаралды, №6 хаттама.