Жаңалықтар
Болашақ журналистер ақпарат саласының білікті мамандарымен кездесті
- Қаралды: 37
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Филология» факультеті 6В03220 – «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері ақпарат саласының тәжірибелі мамандарымен кездесті. Кездесуге еліміздің журналистикасы мен филология ғылымына елеулі үлес қосқан ф.ғ.д., профессор Аяған Сандыбай мен ф.ғ.д., профессор Қайрат Сақ қатысты.
Іс-шараның мақсаты – болашақ журналистерді сала мамандарымен кездестіріп, олардың жұмыс тәжірибесімен таныстыру, пайдалы кеңестер алуына мүмкіндік жасау.
Аяған Өтенұлы журналистің кәсіби ұстанымы, ақпаратпен жұмыс істеудегі жауапкершілік пен шығармашылық еркіндік туралы терең ойларымен бөлісті. Ал Қайрат Өмірбайұлы тіл мәдениеті, мәтін құрылымы және оны талдаудың заманауи әдістеріне тоқтала отырып, теориялық білім мен практиканы ұштастырудың тиімді жолдарын көрсетті.
Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты мысалдармен өрілген пайдалы кеңестер алды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз