М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Таллинн университетімен Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

2025 жылғы 17 қараша күні Назарбаев Университетінде Эстония Президенті Алар Каристің сапары аясында Қазақстан мен Эстония университеттері ректорларының форумы өтті. Іс-шара барысында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, Таллинн университетімен Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дархан Ахмед-Заки және Таллинн университетінің ректоры, профессор Тыну Вийк қол қойды. Тараптар білім, ғылым, инновациялар және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті. Меморандум оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуын, бірлескен ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар өткізуді, жоғары білікті кадрлар даярлауды, ғылыми-оқытушылық материалдармен алмасуды, сондай-ақ гранттық жобалар мен бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуді көздейді.
Меморандумға қол қойылуы халықаралық әріптестікті кеңейтудегі маңызды қадам болып, Қазақстан мен Эстония университеттері арасындағы білім беру және ғылыми жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.