Жаңалықтар
Ұлттық валюта күніне орай, «Қаржы» кафедрасы оқушылар арасында республикалық олимпиада ұйымдастырды
- Қаралды: 54
15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің «Қаржы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің ұйымдастыруымен
М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандырылған №8 гимназияда «Smart Finance Forum» ұйымдастырылды. 10-11 сынып оқушылары қаржылық сауаттылық бойынша онлайн платформада республикалық олимпиададан өтіп, бүгін қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздарға I,II,III дәрежелі дипломдар табысталды.
Іс-шарада елдің қаржы жүйесі, ұлттық валютаның тұрақтылығы, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы бойынша қосымша конкурстар ұйымдастырылды. Белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Форумда жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын тудырды. Жалпы Auezov университеттің қызметіне, оның жетістіктеріне және «Қаржы» кафедрасының жұмысына назар аударылды.
«Smart Finance Forum» – ҚР Қаржы жүйесінің символикасы – Теңгенің құндылығын қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсаттарында болды.
«Қаржы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз