Жаңалықтар
Акрам республикалық шығармашылық байқауда І орын алды!
- Қаралды: 51
25 қазан – Республика күні мерекесі аясында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауы өтті. Байқауда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген республикалық кезеңге жолдама алған қатысушылар «Халық әндерін орындау», «Көркемсөз», «Эссе» номинациялары бойынша бақ сынады.
Байқауға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Ирисметов Акрам Бахрамұлы «Халық әндерін орындау» номинациясы бойынша 1 орын алып, 300 мың теңге сертификатқа ие болды.
Акрам – университеттегі «Жастар» орталығына қарасты «Бесаспап» шығармашылық клубының белсенді студенті.
Талантты да өнерлі студентіміз Акрамды жүлделі орнымен Әуезов университетінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Өнерің өрге жүзсін!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз