Жаңалықтар
ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заңым – айбыным» мерекелік іс-шарасы өтті
- Қаралды: 26
Биыл – тарихи мәні зор ерекше жыл. Тәуелсіздігіміздің тірегі, тұрақтылығымыздың кепілі болған басты құқықтық құжат – Конституциямызға 30 жыл толып отыр. Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аталған мерейтойға орай «Ата заңым – айбыным» атты мерекелік іс-шара салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеге құқық қорғау органдарының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, оқу ордасының қызметкерлері және студенттер қатысты.
Әуелі Мемлекеттік Ту сахна төріне салтанатты түрде шығарылып, Әнұран орындалды. Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки құттықтау сөзінде Ата заңымыздың құндылығына тоқталып, жиналған барша қауымды мерекемен құттықтады. Шара барысында Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы, экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Дәурен Тұрғынбай арнайы құттықтауын жеткізіп, құқықтық мәдениеттің маңыздылығына тоқталды.
Мереке аясында еліміздің ғылым және білім саласының өркендеуіне және оқу ордамыздың дамуына үлесін қосып жүрген бірқатар ғалымдар мен қызметкерлер ҚР Ғылым және жоғары білім минстрлігінің Алғыс хаты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің Құрмет дипломы, «Ғылым үздігі» дипломы, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен және ректордың алғыс хатымен марапатталды.
Оқу ордасының талантты өнерпаздары мерекелік шара барысында ұлттық би билеп, патриоттық әндер шырқап, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз