Жаңалықтар
Ұстазға құрмет - бәрінен биік
- Қаралды: 12
Ұстаз – ұлы есім. Ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-де ҚР жоғары білім қызметкерлерінің күні және Ұстаздар күні мерекелеріне орай «Ұстазға құрмет» тақырыбында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиында университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиұлы барша ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, білім мен ғылым саласындағы өлшеусіз еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
Іс-шара аясында оқу орнының дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге және ғылымға сүбелі үлес қосқан профессор-оқытушылар құрамы «Amanat» партиясының Алғыс хатымен, сондай-ақ университет ректорының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Өнерпаздарымыз концерттік бағдарламасын ұсынып, ән мен биден шашу шашты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз