Жаңалықтар
AI-Sana бағдарламасы аясында 442 мың сертификат табысталды
- Қаралды: 73
AI-Sana бағдарламасы аясында студенттер мен жас зерттеушілерге Huawei, Coursera, Nvidia, Google, Astana Hub білім беру платформаларында студенттер 442 мың сертификат алды. Бұл 70%-қ көрсеткіш. Бұл туралы «Білім беру саласындағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер және сын-қатерлер» тақырыбында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңесте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖИ жөніндегі кеңесте мәлімдеді.
–Бүгінге студенттер 119 жасанды интеллект агентін жасады. Келесі кезеңдегі жасанды интеллект кәсіпкерлігі бойынша оқыту үшін біз осы Кеңестің мүшесі – Пол Кимді тарттық, - деді министр.
Атап өтейік, «AI-Sana» – студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын дамытуға арналған бірегей бағдарлама. Ол 500 мыңнан аса қатысушыны қамтып, ұлттық экономиканың әлеуетін арттыруға, технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бағдарлама өткен жылдың соңында Мемлекет басшысына таныстырылған болатын.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз