Жаңалықтар
ТМД-ның III Ойындарында жас спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді!
- Қаралды: 41
Бауырлас Әзербайжан елінен жағымды жаңалық жетті!
Екі бірдей студентіміз Әзербайжан Республикасында ТМД-ның III Ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді.
28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Әзербайжан елінде өтіп жатқан сайыста Ұлттық құрама 18 спорт түрі бойынша, оның ішінде 16 олимпиадалық және 2 олимпиадалық емес түрден бақ сынауда. Олардың арасында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің жас спортшылары да қатысуда.
Олардың ішінде «Спорт және туризм» факультетінің СТ-22-3к6 тобының студенті Жавохир Исламов (58 кг салмақ дәрежесінде) таеквондодан чемпион атанса, СТ-22-3р тобының студенті Ратмир Еникеев стенд атудан қола жүлдеге ие болды.
Жеңімпаз студенттерімізді Әуезов университеті ұжымының атынан жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңісті күндер көп болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз