Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
- Қаралды: 26
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің өкілдері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс саяси және құқық университетінде өткен халықаралық конференцияға қатысты.
«Ұлы Жібек жолының тарихы мен мәдениеті» тақырыбында баяндама жасаған М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Заң факультетінің магистранты А.Б. Макулбек Қазақстанның еуразиялық мәдени кеңістікті дамытуға қосқан үлесіне назар аударды.
Конференция өзара құрмет пен ашық диалог рухында өтіп, қазақстан-қытай академиялық әріптестігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз