ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДЕН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 2025-2026 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдауды бастады. Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки қабылдау комиссиясының  жұмысына сәттілік тіледі.

Қабылдау комиссиясына алғашқы болып Португалиядан Эстрела Жаркынбековна құжат тапсыруға апасымен бірге келді. Олар электрондық жүйесі арқылы кезек алып, қиындықсыз құжаттарын тапсырды.

Ата-анам Португалияда тұрады. Қазақстанда жоғары оқу орындарын таңдағанда Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» мамандығын таңдадым, - деді Эстрела.

Құрметті талапкерлер! Құжаттар қабылдау үшін біз Сіздерді М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың В ғимаратында күтеміз!

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан, 5


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.