Жаңалықтар
Ерекше форматтағы шабыт беретін кездесу өтті
- Қаралды: 44
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында өткен «EduCampShym» жазғы кәсіптік бағдарлау лагеріндегі «Қабілет — қалау» тақырыбындағы тренинг – ерекше форматтағы шабытты кездесу болды.
Іс-шараға университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки арнайы қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Басшының жастарға бағытталған ақ тілектері білім мен таңдаудың құндылығын тағы бір мәрте айқындады.
Басты спикер ретінде шақырылған Ақан Бебаев жас түлектерге өз қабілетіңді тану, дұрыс таңдау жасау, өмірлік бағыт-бағдарды табу жайлы терең ой қозғап, тың мотивация сыйлады.
Кездесудің мақсаты – оқушылардың қабілеттерін танып, өз кәсіби бағытын саналы түрде таңдауға ынталандыру. Сонымен қатар, оларды заманауи еңбек нарығы талаптарына сай ойлауға, армандарын мақсатқа айналдыруға, ішкі әлеуетін ашуға бағыттау. Іс-шара оқушылардың армандарын нақты мақсатқа айналдыруға, өз болашағына сеніммен қарауға серпін берді.