Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Қытайдың Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің өкілдерін қабылдады
- Қаралды: 81
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің Құқықтық іскерлік ортаны зерттеу институты өкілдерінен құралған делегацияны ресми сапармен қабылдады. Аталған университет - Қытайдағы халықаралық құқық, юриспруденция және «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясындағы құқықтық реттеу саласындағы жетекші ғылыми орталықтардың бірі.
Қытай делегациясының сапары Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және ғылым салаларындағы өзара байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл сапар Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қолдауымен өткен Қытай–Орталық Азия конференциясынан кейінгі өзара әрекеттестіктің қисынды жалғасы болды.
Кездесу барысында Қазақстандағы құқықтық бизнес-орта, шетелдік инвестицияларды қорғау, халықаралық келісімдерді жүзеге асыру және екі елдің құқықтық жүйелерін салыстыру мәселелері талқыланды. Тараптар халықаралық, инвестициялық және цифрлық құқық салаларында бірлескен ғылыми жобалар жүргізуге қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, бірлескен конференциялар, сараптамалық дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және заң саласы бойынша студенттер, магистранттар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті халықаралық әріптестікке ашық және әлемнің жетекші ғылыми-білім беру орталықтарымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті.