Жаңалықтар
«AMBASSADOR CAFE» ФОРМАТЫНДАҒЫ ЕРКІН КЕЗДЕСУ
- Қаралды: 45
Әуезов студенттері Еуроодақ және оған мүше 17 мемлекеттің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшілерімен кездесу бақытына ие болды. Бұл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне Еуроодақ мемлекеттері елшілерінің жұмыс сапарының аясында жүзеге асты.
Австрия, Хорватия, Болгария, Кипр, Эстония, Германия, Греция, Финляндия, Венгрия, Латвия, Румыния, Словакия, Швеция, Щвицария, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия, Польша, Португалия елшілерімен студенттер «Ambassador Cafe» форматында ашық әрі еркін жүздесті.
Елшілер тарапынан беделді оқу орындары туралы толыққанды мәлімет беріліп, білім беру бағдарламалары, ғылыммен айналысу бойынша сауалдарын қойып жатты, тіпті арасында жастарымыз өздері қызығушылық танытқан елшілік қызметінің қыр-сырын сұрады.
«Басқару және бизнес» ЖМ 3 курс студенті Мадина Абилхаева, «Филолоия» факультетінің «Шет тілі» мамандығының 2 курс студенті Рмазан Балабек өздеріне қажетті ақпаратарын алғанын айтып, осындай мүмкіндік жасаған университетке алғыстарын жеткізді.
Университетіміздің студент-жастары елшілермен ағылшын тілінде емін-еркін сұхбат құрып, естелікке суретке түсті.