«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН МЕКТЕПТЕРДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де «Жоғары оқу орындары мен мектептерде инновациялық білім беру технологиялары» атты ғылыми-практикалық конференция басталды. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетімен бірлесе өтіп жатқан конференцияның мақсаты – заманауи ЖОО және мектепте инновациялық білім беру технологиялары мәселелері бойынша тәжірибе алмасу үшін платформа құру, осы бағытта ұсынымдар әзірлеу.

«Екі жоғары оқу орнының «Орыс тілі және әдебиет» кафедраларының бірлесуімен ұйымдастырылған конференцияның маңызы зор. Ол білім берудегі инновациялық технологияларды меңгеруде және білім беру сапасын арттыруды көздейді» деп атап өткен университеттің «Филология» кафедрасының декан, ф.ғ.к, доцент Әзімхан Оразбайұлы конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Ғылыми басқосуға қатысқан отандық және Ресей, Киев, Хорватия, Ташкент, ғалымдары, мектеп мұғалімдері онлайн және офлайн форматта орыс тілі, әдебиет сабағында цифрлық жүйені қолдану, қазіргі уақыттағы әдебиеттегі трансформация, білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект: бот немесе студент, жасанды интеллекті қолданудағы нанотехнология секілді тақырыптарда баяндама оқыды.

Ары қарай ғалымдар төрт секцияда тәжірибе алмасуды жалғастырды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.