Жаңалықтар
ӘУЕЗОВ ҒАЛЫМЫНА ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МАРАПАТ ТАБЫСТАЛДЫ
- Қаралды: 14
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н. Базанова атындағы марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімін өткізді.
Тұңғыш отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы марапатпен 48 отандық ғылымның дамуына айрықша үлес қосып жүрген, ғылыми әлеуеті жоғары, ғылымның әртүрлі бағыттарында үздік нәтиже көрсеткен, жетекші әйел-ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінен экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Экономика» кафедрасының жетекшісі – Есіркепова Алтын Махмұдқызына осы марапат табысталды.
Қазақстанда ғылыммен айналысып жүрген зерттеуші мамандар арасындағы әйелдер саны 12 мыңға жуық. Бұл жалпы ғалымдар санының 55,6 пайызы. Ғылыми дәреже қорғаған аруларымыздың қатары жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, биыл әйел арасында ғылым докторлары – 848-ге жетті, ғылым кандидаттары – 2 872-ге, PhD докторлар – 1 806-ға жетті.
Біз, Алтын Махмұдқызын марапатымен, ал ғылымдағы барша нәзік жанды аруларымызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!