Жаңалықтар
UneMediaX25 ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
- Қаралды: 44
Астанда қаласында UneMediaX25 іс-шарасы аясында еліміздегі ғылым және жоғары білім саласындағы баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. «Жаңа медиа кезеңінде университет имиджін қалыптастыру: жаңашылдық пен стратегиялар» тақырыбында өткен семинарға Қазақстандағы ЖОО, ғылыми институттар және өзге де ғылыми ұйымдардың мамандары қатысты. Әуезов университетінің осы салаға жауапты өкілдері осы ортадан табылды.
Мақсаты – баспасөз хатшыларына медиа және коммуникация саласындағы заманауи әдіс-тәсілдерді үйрету, тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру.
Басқосуға еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, саладағы атқарылып жатқан жұмыстарымен қатар, Қазақстанды академиялық хабқа айналдыру, жастарға сапалы білім беру, нарыққа бейім мамандар даярлау, жоғарғы білім берудегі интернацияландыру бойынша ойларымен бөлісті. Осы тұста атап өтетін мәселе, осыдан бір-екі жыл бұрын елімізде жылына 620 мың студент білім алса, қазіргі статистика 680 мың. 2029 жылға қарай болжам 1 млн. Олардың барлығын мемлекеттік грантпен толық қамту мәселесі өзекті. Сондықтан болашақта жастардың жоғары білім алуында «Келешек», «Ұлттық қор балаларға» секілді жаңа бағыттарды халыққа түсіндіруде ақпаратты жаңа форматта жеткізудің маңыздылығы да талқыланды.
Семинар-тренигтің модераты ҚР ҒЖБМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев болды. Алғашқы күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахметов, «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталықтары мен мектептер желісінің негізін қалаушы Мәуіт Ырысбек, PR саласының тәжірибелі мамандары Дамир Аспан және Әсел Серікпаева тәжірибелерімен бөлісті.
«Жоғары білім саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер» тақырыбында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасарлары –Ақерке Абылайхан және Жанна Есинбаева баяндама оқыды.
Семинар аясында ҚР ҒЖБМ Қоғаммен байланыс департаменті өкілдерінің «PR саласындағы тұлға және аудиториямен жұмыс істеу тәсілдері», «Сапалы медиа-контент құру: Ғылым және жоғары білім жаңалықтарын кең аудиторияға жеткізу», «Ақпаратқа қол жеткізуді үйлестіру және ресми сайтпен жұмыс», «Баспасөз қызметіндегі жаңа технологиялар және медиа мүмкіндіктер» тақырыбында дәрістер жүргізді. Дәрістер мен шеберлік-сабақтарынан қатысушылар жаңа медиа кезеңінде университет имиджін қалыптастыру, баспасөз хатшыларының қоғаммен сауатты қарым-қатынас орнатуы, БАҚ өкілдерімен жұмыс, кризистік жағдайларда жұмыс істеу барысынан көптеген жаңа мағұлматтарға қанықты.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.